г. Шымкент: +7 (7252) 57 87 46;  г. Сарыагаш: +7 (72537) 71 001;

nam10

Компания туралы

Компанияның өзі жайлы бір ауыз сөз. «ДомСтрой» компаниясы Шымкент қаласының нарығына 2007 жылы келді. Компания қызметінің басты бағыты қала және облыс аумағында шатыр материалдарын саудалау. «ДомСтрой» компаниясы шатыр компаниялары арасындағы көсбасшы деп еш күмәнсіз айтуға болады. Компанияның «Шатырлар бойынша басты» деген ұраны соған дәлел. Ұранды құрастыру кезінде өте қызықты жағдайға тап болдық. Оны жарнама саласының маманары немесе компанияның қызметкерлері емес, бір тапсырыс берушінің қарт атасы ойлап тапқан.

Металлжабынғышты сатып алып, үлгілік дизайн жобасы, өлшеу, мамандар кеңесі, компьютерлік пішу, материалды жеткізу секілді барлық бонустар алынып болған соң, атаның ойында алғыс есебінде осы алтын сөздер туған.  Шынымызды айтсақ, бұл біздің компанияға көрсетілген зор мәртебе, ең қымбат сый еді.

Ал жуырда біз компания ішінде тағы бір мерекені атап өттік, дәлірек айтсақ, 20 000 тұтынушыға сый-құрмет көрсеттік. Амангелді Аликулов, өзге жандар секілді компания құрылған сәттен бастап бізбен бірге. Және дәл сол жан шатырдың 20 000 саудасын жасаған. Тұрақты әрі адал тұтынушылармыздың саны күн санап артып келеді және біз соған дән ризамыз.

Сөздің тура мағынасында айтқанда біздің ұжымымыз өте жас. Қызметкерлеріміздің жасын орта есеппен алғанда 26 жас және біз жалынды әрі қуатты жандармыз. Біз өз жұмысымызға асқан сүйіспеншілікпен қараймыз. Барлығын жарқын әрі әдемі етуге тырысамыз. Ортақ қызмет адамдарды өте жақсы жақындастыратыны ешкімге де құпия емес. Жұмыс – бұл қызмет, ортақ сәтті нәтиже қызметкерлердің әрбірінің еңбегінің жемісі. Осыны терең түйсіне отырып, біз әр істі бір-бірімізге хабар бере отырып, сенің-меніңге бөлмей, жұдырықтай жұмыла жасаймыз.

Ал енді біз өз демалысымыз жайлы баяндаймыз.  Тек қана керемет жұмыс жасап қоймай, сонымен қатар біз лайықты дәрежеде демала да аламыз! Жаңа жылдық ұжымкештер, әр түрлі сценарийлі табиғат аясындағы демалыстар, футбол жарыстары!!! Бұл біздің жұмыстың ажырамас бөлігі!:)

Алайда біздегі шығармашылықтың шегі мұнымен бітпейді... соңғы жылдар ішінде біздің қызметкерлеріміздің жанұялары сәбилермен толығып жатыр. Олар ата-ананың сезімі мен сенімін біріктіретін бірден-бір бақыт көзі емес пе?! Міне, осы тұрғыда біздің ойымызға неше түрлі керемет идеялар келуде...

Жұмыстағы еңбек жемісті болуы үшін адамдар бірлесе, асқан зейінмен орындайтын ортақ тақырыптар болуы қажет. Қызметті жай материалдық қажеттіліктер есебінен емес, ортақ адамзаттық құндылықтар негізінде құру қажет: ортақ шығармашылық, стандартты емес байқаулар, балалар, олар әрине қиыншылыққа толы жұмыс күндері тәтті бақыт сыйлайды. Бір сөзбен айтқанда біз тек байыпты компанияның қызметкерлері ғана емеспіз, ең бастысы  - біз адамдармыз!

Кескіндер галлереясы

View the embedded image gallery online at:
http://www.domstroi.kz/kz/o-kompanii.html#sigProIdb8624ec2fd

Компания туралы

«Үйіңізді салатын кезде, іргетасы мен жабынында үнемдемеңіз» деген нақыл сөз бар. «ДомСтрой» компаниясының риза болған мыңдаған клиенттері осы халық даналығының шындығына көздері жетті...

Толығырақ ...

Байланыс

Шымкент қ., Желтоқсан көш., 192
Телефон: +7 (7252) 57-87-46;
Сарыағаш қ., Бейсенова көш., н/у.
Телефон: (72537) 71 001
+7 775 404 90 40

Заказать звонок
Яндекс.Метрика